14.10.2009, 12:16 1503

Алматыда жылдың аяғына дейін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің арасында өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалану мәселесі қаралады

Алматыда жылдың аяғына дейін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің арасында өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалану мәселесі қаралады

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда қаржы министрлері мен орталық банктердің басшыларының кеңесінде жылдың аяғына дейін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің арасында өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалану мәселесі қаралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бүгін Пекинде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы үкімет басшылары кеңесінің отырысы аясында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың ұсынысы бойынша ұйымға мүше елдердің үкімет басшылары Алматыда ағымдағы жылдың аяғына дейін қаржы министрлері мен орталық банктердің басшыларының кеңесін өткізіп, онда G20 саммитінің шешімдерін ескере отырып, әлемдік қаржы жүйесін бірлесе реформалау және әлемдік дағдарысқа бірлесе қарсы тұру мәселелерін талқылау жөнінде шешім қабылдады".

"Бұл отырыста сонымен бірге Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің арасында өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалану мәселесі қаралады ", -делінген хабарламада.

"Сөйтіп, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Дағдарыстан шығу кілті" және "Бесінші жол" атты мақалаларына арқау болған идеялар Шанхай ынтымақтастығы ұйымы үкімет басшылары кеңесінің отырысында қабылданған шешімдерде көрініс табуда. Үкімет басшылары қаржы министрлері мен орталық банктердің басшыларына алдағы Алматыда өтетін кеңесте нақты мәселелерді шешуді тапсырды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны