19.06.2006, 16:50 15820

“Асар” партиясы өзімен ұқсас идеологиялық ұстанымдағы саяси күштермен бірігуге дайын екенін мәлімдейді - Назарбаева (толықтырылған нұсқа)

АЛМАТЫ. 19-маусым. Kazakhstan Todaу. ““Асар” партиясы өзімен ұқсас идеологиялық ұстанымдағы саяси күштермен бірігуге дайын екенін мәлімдейді”. Бұл туралы бүгін “Асар“ республикалық партиясының бас қосуы барысында партия жетекшісі Дариға Назарбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Біз билікті нығайту және күшейе түсу үшін, еліміздің лидері Нұрсұлтан Назарбаевқа нақты демеу-таяныш болу үшін, сондай-ақ, Қазақстанның барлық азаматтары үшін жырғаулы өмірді қамтамасыз ету үшін бірігуге тиіспіз”,- деді Д.Назарбаева. “Бірігу арқылы біз елімізде көп жылдар бойы билік құратын қуатты саяси күшке айналамыз. Мұндай партиямен таяудағы 50 жылда ешбір басқа күш бәсекелесе алмайды. Біз осындай мақсатты алға қоюға тиіспіз”,- деді ол.

“Біз “Асар“ партиясының саяси платформасы туралы мәлімдейміз. Оның негізінде біз басқа партиялармен ықпалдастықтың кез-келген түрі туралы пікір алмасуға дайынбыз”,- деді Д.Назарбаева.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда жаңа партия құру қажет. “Ол президентті жақтайтын барлық саяси партиялардың саяси, ұйымдастырушылық, ең бастысы, санаткерлік ресурстарын біріктіре алады”. “Партия кең ауқымды партияішілік демократия принциптеріне негізделуге, барлық демократиялық күштерді біріктіруге қабілетті болуға тиіс. Ол нақты басқарушы партияға айналуға тиіс”,- деді Д.Назарбаева.

Партия жетекшісі өткен президент сайлауында алты саяси партияның Халықтық коалицияға біріккенін еске салды. “Біз сол кезде меморандум мен партиялардың ортақ платформасының жобасын жасап, саяси, әлеуметтік және экономикалық салада өзгерістер қажет деп мәлімдедік”,- деді Д.Назарбаева. “Егер біз шын мәнінде президентті қолдайтын болсақ және қазіргі жағдайда елімізге қажетті өзгерістер тыныш эволюциялық жолмен жүзеге ассын дейтін болсақ, онда елімізде болып жатқан барлық оқиғаларға жауап беретін және мемлекет басқаруда президентпен жауапкершілікті бөлісетін жаңа біртұтас партия құруға кедергі болатын ештеңе жоқ”, деп мәлімдеді ол. Бүгінде елімізде президентті жақтайтын сегіз саяси партия бар.

Д.Назарбаеваның пікірінше, “бұл партияда ағымдар мен фракциялар бола алады және оның аясында партияішілік пікірталастар өрбітуге болады”. “Ортақ шешім коллегиялық жолмен шығарылып, заңдар немесе салалық мемлекеттік бағдарламалар осыдан кейін барып парламент арқылы өткен жағдайда ғана осындай партия қабырғалы партия бола алады”,- деді ол.

“Президентті жақтайтын партияларды біріктіру жөніндегі идеологиялық платформа” президентті жақтайтын блоктағы әріптестерге бүгін таратылады, деді Д.Назарбаева. “Біздер – партиялардың жетекшілері міндетті түрде кездесіп, мәселені талқылап, өзіміз үшін нақты бір шешім қабылдап,әріқарай партиялар осындай қадамға дайын болған жағдайда оны одан әрі партиялық құрылымдарда талқылау керек деп ойлаймын”,- деді “Асар” партиясының жетекшісі.




МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны