16.11.2012, 20:56 2795

Астана әкімдігі мен РФ Пенза облысының үкіметі арасында ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан астанасы жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Сондықтан қаланың инфрақұрылымы да жаңа тұрғындардың сұраныстарын қанағаттандыратындай, тың серпінмен жетілдірілуі қажет.

Астана. 16-қараша. Kazakhstan Today - Астана әкімдігі мен РФ Пенза облысының үкіметі арасында ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан астанасы жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Сондықтан қаланың инфрақұрылымы да жаңа тұрғындардың сұраныстарын қанағаттандыратындай, тың серпінмен жетілдірілуі қажет.

Елорданың ресми сайтының мәліметіне қарағанда, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, бүгінгі күні құрылыс қаланың жалпы өнімінің 20 пайызын құрайды. 62 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі. "Орта және шағын бизнес қала экономикасының басында болу үшін біз бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді әкім Ресей Федерациясы Пенза облысының губернаторы Василий Бочкаревпен ресми кездесуі кезінде.

"Қала өркендеп, құрылыс ауқымы ұлғаюда - жылына біз 1,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға береміз. Алайда, 16 миллион халқы бар республиканың ішкі көші-қоны жылына 50-60 мың адамды құрайды. Енді 5 жылдан кейін біздің есебіміз бойынша, елорда тұрғындары 700 мыңнан 1 миллион адамға дейін өседі",- деді елорда әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны