22.11.2012, 20:19 3133

Астана Халықаралық EXPO-2017 көрмесін өткізетін орын ретінде таңдалып алынды

161 мемлекет жасырын дауыс беру жолымен EXPO-2017 өткізілетін қаланы анықтады. Астана үшін ХКБ қатысушы 103 ел дауыс берді. Бельгияның Льеж қаласына 44 дауыс берілді.

Париж. 22-қараша. Kazakhstan Today - Парижде Халықаралық EXPO көрме бюросы Бас Ассамблеясының 152- сессиясы аясында Қазақстанның елордасы Астана Халықаралық EXPO-2017 көрмесін өткізетін орын ретінде таңдалып алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

161 мемлекет жасырын дауыс беру жолымен EXPO-2017 өткізілетін қаланы анықтады. Астана үшін ХКБ қатысушы 103 ел дауыс берді. Бельгияның Льеж қаласына 44 дауыс берілді.

Қазақстанның астанасы Орталық-Азия өңірі мен ТМД елдері бойынша Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі өтетін бірінші қала болады.

EXPO-2017 өткізу құқығына Астана мен Льеж үміткер болған. Бельгия "Адамдарды біріктіру" тақырыбын ұсынды. Қазақстан елордасының өтінімі "Келешек энергиясы" деп аталып, энергияның баламалы көздеріне және "жасыл" технологияға арналған.

Көрме 2017 жылы жазда үш ай бойы өтетін болады. Астанаға келушілерсаны 5 млн дейін жетеді деп күтілуде.

EXPO-2017 көрмесіне елорданың оңтүстік-шығыс бөлігінен, Шәмші Қалдаяқов көшесі мен К-1 айналма автокөлік жолының қиылысындағы гольф-клуб маңынан жер бөлінген. Жер телімінің жалпы ауданы 113 гектар, оның 25 гектары - кешеннің өзі, ал қалған бөлігі автотұраққа, сыртқы құрылғыларға және EXPO-2017 қалашығына арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны