13.02.2007, 14:09 2901

Астана мен Баку Қазақстанның көлік дәлізін құру жобасына атсалысу мүмкіндігін талқылайды

БАКУ. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Изербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяровтың Астанаға сапары аясында Қазақстанның Карс - Ахалкалаки - Тбилиси - Баку бағытындағы халықаралық көлік дәлізін құру жобасына атсалысу мүмкіндігі талқыланады. Бұл туралы Изербайжан сыртқы істер министрінің өзі журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Бакуден.

Министрдің Қазақстанға сапары 27-ақпанға межеленген.

"Изербайжан Қазақстанның аталмыш жобаға қатысуынан мүдделі. Сол себепті бұл мәселе сапар аясында талқыланады",- деді Э.Мамедьяров.

Еске сала кетейік, Карс - Ахалкалаки - Тбилиси - Баку көлік дәлізін құру жобасына ұзындығы 98 шақырымдық Карс - Ахалкалаки темір жол тармағын салу қамтылады. Оның 68 шақырымы Түркия, 30 шақырымы Грузия аумағы арқылы өтеді. Жоба аясында сонымен бірге Ахалкалаки - Тбилиси жол бөлігін жаңалау көзделген. Түркиядағы құрылыс жұмыстары $220 млн, Грузияда $202 млн-ға бағаланған. Жұмыстар 2007-жылғы жазда басталады деп күтілуде.

Алдын-ала баға бойынша, Карс - Ахалкалаки - Тбилиси - Баку бағытындағы темір жолды пайдалануға бергеннен 2-3 жылдан кейін ол арқылы 3 - 5 млн тонна жүк тасымалданатын болады, ал жүк тасымалдаушылар үшін қолайлы баға қалыптасса, 5 жылдан кейін тасымал көлемі 5 - 8 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін.Тасымалданатын өнімдердің бір бөлігін мұнай және мұнай өнімдері иемденсе, басым бөлігін кокс, күкірт, түсті металдар секілді басқа да өнімдер құрайды.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, оның Астанаға сапары барысында Изербайжан президенті Ильхам Илиевтің алдағы Қазақстанға сапарына дайындық мәселелері мен екі жақты қарым-қатынасқа қатысты мәселелер қаралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны