26.11.2009, 19:07 3196

Астанада 3 желтоқсанда ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді

Астанада 3 желтоқсанда ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді

Астана. 26 қараша. Kazakhstan Today - Астанада 3 желтоқсанда ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Астанада 3 желтоқсанда ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтеді ", - деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Алдағы кеңесте ТМД-ға мүше 9 мемлекеттің бас прокурорлары азаматтардың құқығын қорғау, қылмыспен күрес, соның ішінде лаңкестікпен және экстремизммен күрес, заңсыз есірткі айналымымен күрес, заңсыз көші-қонға қарсы тұру секілді аса маңызды ықпалдастық мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегі туралы талқылайды.

"Бас прокуратуралар арасында адам саудасы, адамның дене мүшелері мен тканьдерінің саудасымен күрестегі ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою жоспарланған",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны