23.05.2007, 18:23 2894

Астанада Азия және Тынық мұхиты аймағының экологиялық бас қосуын өткізу туралы шешім ЭСКАТО 64-ші сессиясында қабылданады

АЛМАТЫ. 23 - мамыр. Kazakhstan Today. Астанада Азия және Тынық мұхиты аймағының экологиялық бас қосуын өткізу туралы шешім алдағы жылдың көктемінде Бангкокте өтетін ЭСКАТО 64-ші сессиясында қабылданады. Бұл туралы бүгін ЭСКАТО 63-ші сессиясының аяқталуына орай өткен баспасөз мәслихатында БҰҰ бас хатшысының орынбасары - ЭСКАТО атқарушы хатшысы Ким Хак Су мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен комиссияның аталмыш сессиясының ойдағыдай өткізілуінен кейін Қазақстан үкіметінің жасаған ұсынысын жоғары бағалаймын. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрі Азия және Тынық мұхиты аймағының келесі экологиялық бас қосуын Астанада 2010 жылы өткізуге ұсыныс жасады", - деп атап өтті Ким Хак Су.

"Бұл кездесу бес жылда бір рет өткізіледі. Соңғы рет Кореяда өткізілген болатын",-деп еске сала кетті ол. "Экологиялық бас қосуды Астанада өткізу өте маңызды ұсыныс болып табылады. Біздің ұйымның үкімет өкілдері бұл мәселені Бангкокте, ЭСКАТО 64-ші сессиясы аясында талқылайтын болады",- деп түсіндірді Ким Хак Су.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны