16.03.2007, 19:07 3211

Астанада ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысында үкімет басшысы Кеден одағының құқықтық базасын құру мәселесін талқылайды

АСТАНА. 16-наурыз. Kazakhstan Today. Астанада 18-сәуірде өтетін ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысында үкімет басшысы Кеден одағының құқықтық базасын құру мәселесін талқылайды. Бұл туралы ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің отырысының аяқталуы бойынша өткен брифингте қоғамдастықтың бас хатшысы Григорий Рапота мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін үш елдің - Ресей, Қазақстан және Беларусьтың өкілдерінің - кеден одағының құқықтық базасын құруға байланысты жан-жақты сұхбат өтіп, осы әңгімені сәуір айында жалғастыруға шешім қабылданды",- деді Г. Рапота. "Алда көптеген жұмыстар күтіп тұр. Бірақ, біз алға жылжудамыз және де бұл өз жемісін береді деген үміттеміз",- деп қосты ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота.

Жұма күні таңертең Г. Рапота журналистерге берген сұхбатында, "ЕурАзЭҚ аясында Кеден одағының құқықтық базасын құру мәселесі жөнінде, әзірге кейбір қайшылықтар бар. Бұл әрине қалыпты жағдай, себебі бұл өте қиын міндет және де әрбір елдің экономикалық мүддесіне қатысы бар. Бірақ, біз бұл қайшылықтар үстіміздегі жылдың ішінде, тіптен жылдың бірінші жартысында жойылуы мүмкін, деп жоспарлап отырмыз" деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, оның сөздеріне сүйенсек, Интеграциялық комитеттің отырысында көлік ынтымақтасты жөніндегі мәселелер, валюталық реттеулер мен экспорттық бақылауға байланысты мәселелер, көлікте жаңа технологияларды қолдануға байланысты мәселелер және т.б. талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны