08.12.2012, 13:44 5739

Астанада Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті VI отырысының қорытынды хаттамасына қол қойылды

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишанның төрағалығымен Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің VI отырысы өтті.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада өткен Қазақстан-Қытай комитетінің VI отырысының қорытындысы бойынша Ынтымақтастық жөніндегі қорытынды хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишанның төрағалығымен Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің VI отырысы өтті.

Отырыс барысында тараптар қауіпсіздік, энергетика, геология және жер қойнауын пайдалану, көлік, қаржы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің келесі VII отырысы Бейжіңде өтетін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны