23.06.2008, 18:35 2777

Астанада Қазақстан мен АҚШ арасындағы "Мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі" бірлескен бастамасының тұсаукесері өтеді

Астанада Қазақстан мен АҚШ арасындағы "Мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі" бірлескен бастамасының тұсаукесері өтеді

Астана. 23 маусым . "Қазақстан Бүгін" - Астанада 24 маусымда Қазақстан мен АҚШ арасындағы "Мемлекет пен жеке меншіктің экономикалық серіктестігі" (МЖЭС) бірлескен бастамасының тұсаукесері өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Форумға екі елдің ресми және іскер топтарының 200-ден астам өкілдері қатысады.

"Бұл бағдарлама ҚР президенті Н.Назарбаевтың 2001 жылы АҚШ-қа сапары кезінде алға шығарған екі ел жеке секторларын жақындастыру бойынша "Хьюстон бастамасының" жалғасы болып табылады",- деді Е.Ашықбаев.

МЖЭС кіші және орта бизнестің дамуына, еліміздегі инвестициялық ахуалдың кемелденуіне, Қазақстан мен АҚШ арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың кеңеюіне және аймақтық интеграциялық үрдістердің дамуына бағытталған.

Серіктестікке Қазақстан Республикасы мен АҚШ үкіметтері, АҚШ Сауда палатасы, "Атамекен" Одағы" Ұлттық экономикалық палатасы және Қазақстан кәсіпкерлер форумы қатысады.

Бір күндік конференция барысында үкімет шенеуніктері мен кәсіпкерлер Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық әрекеттесуді кеңейтіп, жеке секторлары ынтымақтастығын тереңдету жолдарын талқылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны