12.05.2010, 10:28 1466

Астанада Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктерінің сыртқы саяси ведомстволарының арасында саяси консультациялар өтеді

Астанада Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктерінің сыртқы саяси ведомстволарының арасында саяси консультациялар өтеді

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада 12 мамыр күні Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Имірліктерінің сыртқы саяси ведомстволарының арасында саяси консультациялар жүргізіледі. Қазақстан тарапын сыртқы істер министрінің орынбасары Н. Ермекбаев, ал Имірліктер тарапын сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Анвар Гаргаш басқарады. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Консультация аясында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағын, халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастық, қазақстандық бастама бойынша АӨСШК шақыруды жүзеге асыруға Имірліктер тарапының қатысуы, Илемдік және дәстүрлі діндер басшыларының сьезі жөніндегі мәселелер қарастырылмақ. Сондай-ақ, Ауғанстанды тұрақтандыруға ҚР мен БАИ-нің қатысуына байланысты мәселелер талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны