03.05.2007, 17:53 2845

Астанада Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың парламенттік ынтымақтастық комитетінің жетінші отырысы өтуде

АСТАНА. 3 - мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада парламент мәжілісінің ғимаратында "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" парламенттік ынтымақтастық жөніндегі комитетінің жетінші отырысы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отырысқа Қазақстан парламентінің қос палатасының депутаттары мен Еуропалық Одақтың мүшелері қатысуда.

Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, парламентшілер Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамыту туралы, "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру туралы, сауда-экономикалық байланыстардың ахуалы мен болашағы туралы, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Орта Азиядағы лаңкестікпен, ұйымдасқан қылмыспен және есірткі сатумен күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы пікірлерімен алмасуда.

Тараптар саяси, экономикалық және әлеуметтік саладағы екіжақты өзара ықпалдастықтың, Орта Азия мемлекеттерімен қоршаған орта және денсаулық сақтау, энергетикалық диалогты дамыту және басқа да проблемалар бойынша аймақтық ынтымақтастық мәселелерін кең ауқымда талқылайды.

Отырыс екі күнге созылмақ. Жұма, 4-мамырда комитет кездесу қорытындысын шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, парламенттік ынтымақтастық комитеті Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы 1995 жылдың 23-қаңтарында қол қойылған келісімнің 82-бабына сәйкес 2000 жылы құрылған болатын. Комитеттің Қазақстан жағының тең төрағасы парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны