30.04.2009, 12:30 3343

Астанада Қазақстан және Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің үшінші отырысы басталды

Астанада Қазақстан және Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің үшінші отырысы басталды

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қазақстан және Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің үшінші отырысы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің атап өткеніндей, отырыс барысында Қазақстан мен Қырғызстанның саяси бастамаларын үйлестіру мәселелерін талқылау ұсынылып отыр.

"Біздің пікірлеріміз ортақ, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамуға тиіс", - деді М. Тәжин.

"Бүгінгі отырыс барысында біз біздің сыртқы саяси бастамаларымызды үйлестіру, екі жақты ынтымақтастықты дамыту мақсаттарын айқындау мәселелерін, сондай-ақ, жақын уақытта өтетін қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысының күн тәртібінің жобасын талқылауды ұсынамыз", - деді министр.

Өз кезегінде Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаевтың айтуынша, "Қырғызстан екі мемлекет арасында 2003 жылы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қарым-қатынас жөніндегі шартқа сәйкес Қазақстанмен арада көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түспек ниетте".

СІМ кеңесінің үшінші отырысында сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелері талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны