30.05.2012, 14:48 2846

Астанада ҚР премьер-министрі мен РФ үкіметінің төрағасының кездесуі өтті

Кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында К.Мәсімов Д.Медведевтің Қазақстанға жасаған осы сапары екіжақты өзара қарым-қатынастың алға басуына қосымша қарқын береді деген сенімін жеткізді.

Астана. мамыр. Kazakhstan Today - Кеше Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтің арасында келіссөз өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында К.Мәсімов Д.Медведевтің Қазақстанға жасаған осы сапары екіжақты өзара қарым-қатынастың алға басуына қосымша қарқын береді деген сенімін жеткізді.

Өз кезегінде, Д.Медведев бұл Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы ретінде шет елге жасап отырған алғашқы сапары екенін атап өтті. "Менің ойымша, бұл сапарда біздің соңғы жылдардағы ынтымақтастығымыз қол жеткізіп отырған жетістіктердің символы бар", - деді өз сөзінде Д.Медведев.

РФ Үкіметінің Төрағасы атап өткендей, соңғы жылдары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда ынтымақтастық көлемі айтарлықтай артқан. Бұл сауда-экономикалық айналымның тұтастай алға басуымен, сондай-ақ Кеден одағына кіретін үш мемлекет арасындағы ықпалдастық үдерістерімен де байланысты", - деді Д.Медведев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны