08.11.2011, 14:33 4181

Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов АҚШ Елшісі К. Фэйрфаксты қабылдады.

Кездесуде екіжақты қарым-қатынастағы ынтамақтастық әріптестіктің үдемелі дамуымен қатар, сондай ақ, 2010 жылдың сәуір айында ҚР және АҚШ Президенттері Н.Назарбаев пен Б.Обаманың кездесуінде қол жеткізген келісімдердің табысты жүзеге асырылып жатқанына қанағат білдірді.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ү.ж. қазан айының соңында ресми түрде қызметін бастаған АҚШ-тың ҚР-ғы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кеннет Фэйрфаксты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесуде екіжақты қарым-қатынастағы ынтамақтастық әріптестіктің үдемелі дамуымен қатар, сондай ақ, 2010 жылдың сәуір айында ҚР және АҚШ Президенттері Н.Назарбаев пен Б.Обаманың кездесуінде қол жеткізген келісімдердің табысты жүзеге асырылып жатқанына қанағат білдірді. Иңгімелесуші тараптар бірдей халықаралық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, энергетикалық және азық-түлік саласында өзара әрекеттесу жөнінде ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.

Қазақстанның Ауғанстанды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күшті қолдаған үшін өз алғысын білдіре отырып, американдық тарап ҚР -ның осы елге халықаралық одақ күшіне көрсеткен логистикалық қолдауын, ауған студенттеріне білім беру бағдарламасы мен Астананың осы бағыттағы басқа да қадамдарын жоғары бағалап кетті. Тараптар Ауғансттанның әлеуметтік-экономикалық саласын оңалту жөніндегі күштерін одан әрі қарай өсіруге өзара дайындақтарын білдірді, сонымен қатар осы елдің экономикалық ынтымақтастығы арқылы Орталық және Оңтүстік Азия елдерімен тым тығыз қатынас орнату. Осыған байланысты, Жаңа Жібек Жолы бастамасы мен Қазақстанның Еуразиядағы экономикалық және көліктік интеграцияларының жүйелі күштерінің маңыздылығы аталып кетті.

Кездесу барысында АҚШ Елшісі ҚР Сыртқы саяси мекемесінің басшысын Қазақстандағы өзіне белгіленген жоспарлары мен алдағы басым тапсармалары жайында хабардар етті.

Анықтама

АҚШ пен ҚР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1991 жылдың 26 желтоқсанында құрылды. 1992 жылы Алматыда және Вашингтонда екі елдің елшіліктері ашылды. Кеннет Фэйрфакс АҚШ-тың Қазақстандағы 7 -ші Елшісі болып табылады.

20 жыл уақыт ішінде қазақстан-американ ынтымақтастығы тұрақты нығайып келеді, ал 2001 жылы стратегиялық әріптесі деген атақ иеленді. Ынтымақтастықтың басты саласы болып жаппай қырып жою қаруын таратпау, энергетика, аумақтық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, Ауғанстанның тұрақтануы болып табылады.

2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Құрама Штаттары арасындағы тауар айналымы 2 млрд.доллардам астам сомманы құрады. АҚШ 2010 жылы қазақстандық экономикаға 839 млн.доллардан астам инвестиция көлемін құйды, ал тәуелсіздік жолдарында американдық компаниялармен Қазақстанға 20 млрд. доллардан астам қаражат енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны