02.10.2012, 14:43 2915

Астанада ҚР Үкіметі мен ИДБ тобы арасында Елдік Иріптестік Стратегиясының тұсауы кесілді

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев және Ислам Даму Банкінің президенті Ахмад Мұхамед Или қатысуда.

Астана. 2-қазан. Kazakhstan Today - Астанада ҚР Үкіметі мен ИДБ тобы арасында Елдік Иріптестік Стратегиясының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанада "IDB Day" халықаралық конференциясы (Ислам Банкі Тобының күні) өтуде.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев және Ислам Даму Банкінің президенті Ахмад Мұхамед Или қатысуда.

Ислам Даму банкі Тобының Қазақстан мен ИДБ тобы арасындағы орта және ұзақ мерзімді әріптестіктің берік негізін орнату мақсатында тараптар 2012-2014 жылдарға арналған Қазақстанмен Елдік Иріптестік Стратегиясына қол қойды. Бұл ТМД-да алғашқы рет іске асырылып отырған шара.

ИДБ тобының барлық субъектілерінің өнімдері мен қызметтерінің кең ауқымын қалың аудиторияға оның ішінде ҚР Үкіметіне, бизнес-қауымдастыққа және елде жұмыс істейтін халықаралық ұйымдарға таныстыру іс-шараның негізгі мақсаты болып табылады.

Елдік Иріптестік Стратегиясы (MCTS) -ҮИИД хабарламасы шеңберінде елдегі өз қызметін бекітетін ИДБ әріптестігінің жаңа моделі. ІДБ тобы көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы секторларын дамытуға және ауылдық аудандар мен шикізаттық емес салалар өнеркәсібін, ғылым мен технологияларды дамытуға, қаржы секторын, өңіраралық ынтымақтастықты әртараптандыруға жәрдемдесетін болады.

Бұдан өзге ИДБ тобы Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде Исламбанкингі мен қаржысы үшін институциональдық және реттеу ортасын жақсартуға ҚР Үкіметімен тығыз жұмыс істейтін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны