05.02.2007, 16:29 2706

Астанада наурыздың аяғында сыртқы істер министрлерінің "Еуропалық Одақ үштігі - Орталық Азия" форматындағы кездесуі өтеді

АСТАНА. 5-ақпан. Kazakhstan Today. 28-наурызда Астанада сыртқы істер министрлерінің "Еуропалық Одақ үштігі - Орталық Азия" форматындағы кездесуі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл кездесуде Еуропалық одақтың Орталық Азия елдеріне қатысты стратегиясы басты әңгіме өзегіне айналады",- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, ҚР СІМ "Еуропалық одақтың аталмыш стратегияның жобасымен жұмыс істеп жатқан тиісті комиссиясымен етене жақын ақыл-кеңестер өткізуде". "Бұл тақырып Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға ресми сапары кезінде жан-жақты талқыланды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны