09.10.2006, 17:20 3055

Астанада Орталық Азия елдеріндегі Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің елшілерінің аймақтық конференциясы өтуде

АСТАНА. 9-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін, қазанның 9-ында Астанада Орталық Азия елдеріндегі Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің елшілерінің аймақтық конференциясы өтуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жиын 2007 жылдың бірінші жартысында Еуропалық одаққа төрағалық етуші Германия Федеративтік Республикасының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

Конференция жұмысына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары қатысып отыр. Сонымен қатар жиын Финляндия сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Пертти Торстила, ГФР сыртқы істер министрі Гернарт Эрлер, Еуропалық одақтың Орталық Азия аймағы бойынша жаңадан тағайындалған арнайы өкілі Пьер Морель және Еуропалық комиссияның сыртқы байланыстар жөніндегі бас директоратының Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері жөніндегі директоры Гю Мингареллидің қатысуымен өтуде.

Конференцияның күн тәртібінде аймақтық қауіпсіздікті, экология және энергетика саласындағы ынтымақтастықты, жалпы экономикалық ынтымақтастықты жаңғыртуды қамтамасыз етудегі Еуропалық одақтың рөлі, Орталық Азиядағы демократияландыру және заң үстемдігі, сонымен бірге Еуропалық Одақ Орталық Азия бойынша стратегияның болашағы секілді мәселелер талқылануда. Басқосу барысында арнайы қонақ ретінде сөз сөйлеген ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан -Еуропалық Одақ және өңірлік саясаттың көкейтесті мәселелеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, ол Орталық Азия мен Еуропа мемлекеттері арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға шақырды. Бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының ат салысуға мүдделі екендігі танытылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны