21.05.2009, 10:12 1740

Астанада ТМД мемлекеттерінің Жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесі жанынан құрылған маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сарапшылар тобының екінші отырысы өтті

Астанада ТМД мемлекеттерінің Жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесі жанынан құрылған маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сарапшылар тобының екінші отырысы өтті

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржылық бақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесі жанынан құрылған маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сарапшылар тобының екінші отырысы болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарапшылар тобының екінші отырысында тиімділік аудитін жүргізудің және маңызды ұлттық көрсеткіштерді (МҰК) қолданудың шетелдік тәжірибесін жүйелеп, жинақтап, салыстырмалы талдау жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстанның жоғары қаржылық бақылау органдарының сарапшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдарының қызметтерінде маңызды ұлттық көрсеткіштерді қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдерін талқылады. Тиімділік аудиті және маңызды ұлттық көрсеткіштер проблематикасына байланысты басты терминдер мен ұғымдарды тәуекелдерін ескере отырып ЖҚБО қызметінде қолдану жағдайы келісілді. Сарапшылар тобына қатысушылар "Тиімділік аудитін ұйымдастыру және жүргізу, маңызды ұлттық көрсеткіштерді қолдану жөнінде әдістемелік ұсынымдар" жобасының құрылымын бекітті.

Сонымен қатар, отырыста Ресей Есеп палатасының аудиторы Михаил Пискунов Пекин қаласында сәуір айында өткен маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі ИНТОСАИ жұмыс тобының екінші отырысының қорытындысын ұсынды. Сондай-ақ, "Тиімділік аудитін ұйымдастыру және жүргізу, маңызды ұлттық көрсеткіштерді қолдану жөнінде әдістемелік ұсынымдар" жобасын әзірлеуге байланысты жүргізілген сауалнаманың нәтижелері де қаралды.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесі жанындағы маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сарапшылар тобы 2008 жылғы қыркүйек айында құрылды. Сарапшылар тобының қызметі ИНТОСАИ-дың маңызды көрсеткіштері жөніндегі жұмыс тобының аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО басшылары кеңесінің өңірлік пилоттық жобасының іске асырылуына жәрдемдеседі.

ИНТОСАИ - жоғары қаржылық бақылау ұйымдарының халықаралық ұйымы. Оның құрамына әлемнің 180-нен астам елінің ЖҚБО-лары кіреді. Есеп комитеті ИНТОСАИ-ға 2000 жылы мамыр айында қабылданған.

Есеп комитеті ҚР президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны