12.05.2010, 10:32 1426

Астанаға АҚШ Атланта кеңесі делегациясы сапармен келеді

Астанаға АҚШ Атланта кеңесі делегациясы сапармен келеді

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Астанаға 13-14 мамырда бұрынғы сенатор Ч. Хейгелдің басшылығымен АҚШ Атланта кеңесі делегациясы сапармен келеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар шеңберінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде "Еуропа мен Еуразияға ХХІ ғасырдағы Хельсинки қорытынды актісі" атты конференция өтеді.

Іс-шараға ҚР мемлекеттік органдардың, жетекші қазақстандық зерттеу институттары мен сараптамалық құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері және Еуразия Ұлттық Университетінің оқытушы- профессорлар құрамы мен студенттер шақырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны