28.11.2012, 20:19 3219

Астанаға Румынияның экс-президенті Э.Константинеску келді

Бүгін ол Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болып, студент-жастарға дәріс оқыды.

Астана. 28-қараша. Kazakhstan Today - "Назарбаев оқуларына" қатысу үшін Астанаға Румынияның экс-президенті Эмиль Константинеску келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ол Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болып, студент-жастарға дәріс оқыды.

"Қазақстанның даму тарихында Назарбаев күрделі мәселелерді шешіп, өз елі үшін сара жолды салып берді. Шынымен де, ол адамды көшбасшы деп атауға болады. Нұрсұлтанмен кездескен кезде, біз әлемдік саясат пен экономика төңірегінде біраз пікір алысқан едік. Сонда мен оның терең әрі кең ой өрісін байқап қалдым. Ондай қасиет тек әлемдік көшбасшыларға сай", - деп атап көрсетті Э. Константинеску.

"Сол себепті "Назарбаев оқулары" сияқты іс-шараны өткізу бүгінде аса маңызды. Қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында ондай мәжілістердің Қазақстан үшін ғана емес, барлық мемлекеттерге ауадай қажет", - дейді Румынияның экс-президенті.

Сондай-ақ ол Н.Назарбаевтың бастамасы - "АТОМ" жобасының маңыздылығын ерекше атап өтіп, оның әлемдік қауымдастықтың қауіпсіздігі үшін аса керек екендігін жеткізді.

Бүгінгі дәрістен кейін Румынияның экс-президенті Эмиль Константинескуге "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрметті профессоры" атағы берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны