08.09.2008, 17:05 2465

Астанаға Сауд Арабия Корольдігінің өкілдері келеді

Астанаға Сауд Арабия Корольдігінің өкілдері келеді

Астана. 8 қыркүйек. ""Қазақстан Бүгін"" - Сауд Арабия Корольдігінің Индустрия және сауда министрлігі, ұлттық өнеркәсіптік стратегия комитетінің төрағасы Ахмед Аль-Садхан бастаған делегация 8-11 қыркүйек аралығында Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Сауд Арабиясының делегациясы Ақмола облысындағы ірі бидай шаруашылықтары және мал фермаларының қызметімен танысуына байланысты аймақты аралайды.

Қазіргі кезде азық-түлік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсаттарымен Сауд Арабиясының үкіметі жаңа, ірі ауыл-шаруашылық өнім тасымалдайтын елдерді табумен айналысуда. Сонымен қатар, Қазақстанмен осы саладағы ынтымақтастыққа Сауд Арабиясы ерекше көңіл аударады.

Делегация құрамындағы бірнеше министрліктердің өкілдері, сарапшылар мен бизнесмендер Қазақстан тарапымен ауыл-шаруашылық жобаларына келешегі бар инвестициялар салу саласында екі жаққа тиімді ынтымақтастық жолдарын талқылауды көздеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны