16.06.2009, 16:21 2740

Ауғанстан мәселесін әскери жолмен шешу мүмкін емес - Өзбекстан президенті

Ауғанстан мәселесін әскери жолмен шешу мүмкін емес - Өзбекстан президенті

Алматы. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ауғанстан мәселесін әскери жолмен шешу мүмкін емес. Бұл туралы бүгін Екатеринбург қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Өңірдегі қауіпсіздікке төнген қатердің басты қайнар көзі - осымен 30 жылға созылып отырған Ауғанстандағы соғыс екені құпия емес. Бір өкініштісі, онда ахуалдың күрделілене түсу және қайшылықтар ағымы сақталып отыр, осындай жағдайда осы тауқыметті шешпейінше, Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздік туралы сөз қозғау мүмкін емес", - деді И. Кәрімов.

Оның пікірінше, "ауған пролемасын тез арада шешуге БҰҰ-ның басқаруымен Ауғанстанмен тікелей шекараласатын елдердің және оған қоса Ресей, АҚШ және Солтүстік Атлантикалық альянс елдерінің толық құзырлы өкілдерінен құралған "алты қосу үш" байланыс тобын құру септігін тигізер еді. Осынау маңызды консультативтік және дипломатиялық органның көмегімен елдің өз ішінде және Ауғанстанның айналасында келісімге қол жеткізуге болар еді".

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өз сөзінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері үшін қауіп-қатердің ерекше түрі - заңсыз есірткі айналымы екенін атап көрсетті.

"Біздің барлығымыз Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың болуынан мүдделіміз. 2009 жылдың 20 тамызы - Ауғанстан президенті мен муниципалдық органдары сайланатын күн, бұл - Ауғанстандағы конституциялық құқық пен тәртіптің бекемдігіне жаңаша сынақ болмақ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны