02.08.2007, 17:34 2716

Аумақтық сайлау комиссияларының мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыс беру қорытындысын шығару тәртібі бекітілді - ОСК

АСТАНА. 2 тамыз. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясының бүгін өткен кезекті отырысында аумақтық сайлау комиссияларының мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыс беру қорытындысын шығару тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз аумақтық сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс беру қорытындысын шығару тәртібін бекіттік", - деді ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов отырысты қорытыдылай отырып.

"Бұл қаулыда біз сайлау комиссияларының іс-әрекеттерін қадам қалтырмай айқындадық. Учаскелік сайлау комиссияларынан бастап облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындысы туралы хаттамаларды таныстыруына қатысты барлық әрекеттері айқындалған", - деді ол.

ОСК төрағасының айтуынша, бұл қаулыға сәйкес, "облыстық, Астана және Алматы қалалық, аудандық, қалалық және қала аудандарының сайлау комиссиялары дауыс беру аяқталғаннан кейін бес күннің ішінде сайлау комиссиясының ғимаратында жұртшылықтың жаппай танысуы үшін жиынтық мәліметті іліп қоюға тиіс. Онда қағаз және электрондық сайлау бюллетеньдері бойынша дауыс беру хаттамаларының қорытындысы бойынша саяси партиялар үшін берілген дауыстарды санау нәтижелері жөнінде төменгі сатылы сайлау комиссиясынан келтірілген хаттамаларлың негізінде жасалған мәлімет жазылады". Бұл ақпар Орталық сайлау комиссиясына сайлаудан кейін екі күннің ішінде жіберілуге тиіс.

Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, "хаттамаларды жеткізген кезде және саяси партиялар үшін берілген дауысты санау нәтижесін шығару барысында аумақтық сайлау комиссиясының отырысына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің сенімді өкілдері мен байқаушылары, БАҚ пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуға құқылы".

Қ. Тұрғанқұлов сондай-ақ аталмыш ақпартізім ОСК веб-парақшасында да жария етілетіндігін атап өтті. "Заң бойынша біз осындай мәліметті мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша жария етуге міндеттіміз, бірақ біз мәжіліс депутаттарының сайлауы бойынша да қосымша міндеттеме жүктеп аламыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны