02.07.2007, 16:06 3083

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге қол қойылды

АСТАНА. 2-шілде. Kazakhstan Today. "Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы" келісімге қол қойылды.

Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, құжатқа Қазақстан Республикасы үкіметі атынан Сыртқы істер министрі Марат Тәжин және Ұйым Хатшылығы атынан Азия Кеңес Атқарушы директоры Жандос Асанов қол қойды.

Азия Кеңес мүше мемлекеттері осы құжатты, Азия Кеңес Хатшылығын құру туралы Алматы Актісінің және Қазақстан Республикасын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы тұратын ел ретінде белгілейтін Азия Кеңес Хатшылығы туралы келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында әзірледі. Келісім, тараптардың Қазақстан Республикасының аумағында Хатшылық қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарын ескеріп, әзірленген.

2006 жылы ашылған сәтінен бастап Алматы қаласында орналасқан Хатшылықта 5 мемлекеттен 6 лауазымды тұлға жұмыс істейді және жақында тағы екі қызметкер келеді деп күтілуде.

Қазақстан аумағында болу шарттары туралы келісімге қол қойылғаннан кейін Хатшылық Қазақстан Республикасы аумағында заңды тұлғаның барлық құқықтарына ие болады. Бұдан былай мүше мемлекеттері тарапынан жіберілетін оның лауазымды тұлғалары ҚР Сыртқы істер министрілігі жанында тіркеледі және еліміздің аумағында бірқатар артықшылықтар мен иммунитеттерге ие болады. Олардың көлемі халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып әзірленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны