09.10.2007, 18:31 2602

Бакуде Изербайжанның президенті мен ҚР қорғаныс министрінің кездесуі өтті


Баку. 9-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бакуде Изербайжанның президенті Ильхам Илиев өзінің президент сарайында Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Даниал Ахметовты қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Изербайжан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "тараптар Қазақстан мен Изербайжан арасындағы екіжақты өзара қатынастардың ойдағыдай дамып келе жатқандығын атап өтті".

И. Илиев өзара сапарлардың маңыздылығын атай келе, Даниал Ахметовтың Бакуге сапары екі елдің қорғаныс мекемелерінің екіжақты ынтымақтастығын одан әрі кеңейте түсетіндігін атап көрсетті",- деп айтылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны