20.06.2008, 10:42 2384

Баку-Тбилиси-Жейхан Изербайжан мен Қазақстанның экономикалық дамуында және олардың әлемдік энергетикалық кеңістікке интеграциялануында маңызды роль атқарады - Тоқаев

Баку-Тбилиси-Жейхан Изербайжан мен Қазақстанның экономикалық дамуында және олардың әлемдік энергетикалық кеңістікке интеграциялануында маңызды роль атқарады - Тоқаев

Баку. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры Изербайжан мен Қазақстанның экономикалық дамуында және олардың әлемдік энергетикалық кеңістікке интеграциялануында маңызды роль атқарады. Изербайжан Милли Меджлисінің 90 жылдығына арналған салтанатты шарада сөз сөйлеген Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры 2006 жылы пайдалануға берілген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP - 30,1%, ГНКАР - 25%, Unocal - 8,90%, Statoil - 8,71%, TPAO - 6,53%, ENI - 5%, Itochu - 3,40%, ConocoPhillips - 2,50%, INPEX - 2,5%, TotalFinaElf - 5% және Amerada Hess - 2,36%.

Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Изербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды.

Қазіргі жағдаймен Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы 53 млн тонна мұнай мен конденсат тасымалданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны