25.02.2010, 18:37 3268

Беларусь Кедендік одақ комиссиясының отырысында мұнайдың баж салығына қатысты мәселені талқылауды ұсынуда

Беларусь Кедендік одақ комиссиясының отырысында мұнайдың баж салығына қатысты мәселені талқылауды ұсынуда

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Беларусь жағы 26 ақпанға жоспарланған Кедендік одақ комиссиясының 14-ші отырысының күн тәртібіне Ресейден Беларусьқа шығарылатын мұнай өнімдерінен Ресейдің баж салығын алуына қатысты мәселені талқылауды ұсынуда. Бұл туралы Беларусь жағының мемлекеттік басқарушы органдарының өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today БЕЛТА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Беларусь жағының пікірінше, Ресейдің осы тектес баж салығын қолдануы Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыратын келісімдерде қарастырылған халықаралық міндеттемелерді бұзуға жатады. Атап айтсақ, ол Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы 1995 жылдың 6 қаңтарындағы Кедендік одақ туралы келісімге (1995 жылдың 30 қарашасында күшіне енген), 1999 жылдың 26 ақпанындағы Кедендік одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартқа (1999 жылдың 23 желтоқсаны), Кедендік одақты құру және біртұтас кедендік аумақ құру туралы 2007 жылдың 6 қазанындағы шартқа (2008 жылдың 10 қазаны) қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны