01.04.2011, 16:38 4261

Беларусь пен Қазақстан арасындағы көліктік бақылау 1-сәуірден бастап жойылды

Беларусь пен Қазақстан арасындағы көліктік бақылау 1-сәуірден бастап жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 1 - сәуір. Kazakhstan Today - Беларусь пен Қазақстан арасындағы көліктік бақылау 1-сәуірден бастап жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгіннен бастап Беларус-Ресей шекарасында көліктік бақылау жойылған. Енді көліктік бақылау Кеден одағының сыртқы контурына шеттетілді, - деп хабарлайды РБК.

Беларус Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инспекциясы басқармасының басшысы Павел Стасевич БЕЛТА-ға хабарлағандай, көлік бақылауы екі ел шекарасының бойында орналасқан автомобилдік өткізу бекетінде жойылды. Бұл дегеніңіз, шекарада көліктер тексерілмейді.

П.Стасевичтің айтуынша, елдер сыртқы шекарада жүргізілетін көлік бақылауының параметрлерін анықтаған болатын. Атап айтқанда, беларустік мамандар РФ-қа жол тартқан тасымалдаушылардан ресейлік рұқсат, соның ішінде, қауіпті жүкті тасымалдау, ауыр салмақты және ірі ауқымды көліктерге рұқсат, ресейлік нормаларға сәйкес автокөліктің салмақтық параметрлерін тексереді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны