04.05.2010, 17:51 3146

Берлинде қазақ-неміс сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 4-ші отырысы өтеді

Берлинде қазақ-неміс сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 4-ші отырысы өтеді

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Берлинде 6 мамырда қазақ-неміс сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 4-ші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отандық делегацияны Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау басқарады.

Аталған бас қосу шеңберінде тараптар экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ықпалдастықтың ахуалы мен келешегін, және Қазақстан мен Германия арасындағы шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны