22.05.2008, 17:25 2815

Бірінші шетелдік сапарды дәл Қазақстаннан бастау Ресейдің стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудан мүдделілігін паш етеді - Медведев

Бірінші шетелдік сапарды дәл Қазақстаннан бастау Ресейдің стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудан мүдделілігін паш етеді - Медведев

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресей президенті Дмитрий Медведев бірінші шетелдік сапарын дәл Қазақстаннан бастауы Ресейдің стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудан мүдделілігін паш ететінін айтты. Бұл туралы ол бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке жүздесуі кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Менің Қазақстанға сапарым кездейсоқтық емес. Бұл Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан бекем ынтымақтастық векторының, айрықша сенімді әрі бауырластық қатынастардың айғағы", - деді Д. Медведев.

"Дәл осындай қарым-қатынастар Путин мырза екеуіңіздің тындырған барлық істеріңіздің мейірбан жалғасы бола алады деп санаймын. Біз осындай қарым-қатынасты жалғастыра аламыз деп ойлаймын", - деді ол.

Өз кезегінде Қазақстан мемлекет басшысы "Қазақстан үшін Ресейдің жаңа президентінің бірінші шетелдік сапарын дәл Қазақстаннан бастауы үлкен абырой" екенін атап өтті.

Н. Назарбаев Ресеймен арадағы екі жақты ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. "Бүгінгі нақты ахуал бұның екі мемлекет үшін де тиімді екенін көрсетіп отыр", - деді Қазақстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны