30.11.2010, 13:58 7324

Бішкекте Спорт сарайының маңында жарылыс болды

Бүгін таңертең Бішкекте Спорт сарайының маңында жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі АКИpress АА сілтеме жасай отырып.

Алматы. 30 - қараша. Kazakhstan Today - Бүгін таңертең Бішкекте Спорт сарайының маңында жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі АКИpress АА сілтеме жасай отырып.

Жарылыс Спорт сарайының маңында шамамен таңертеңгі 8.50 шамасында болды, деп хабарлайды.

Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұловтың хабарлауынша, Алдын ала мәліметтер бойынша, кәріз құдығына қойылған қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылған.

Жарылыстың салдарынан диаметрі 7-10 метрлік шұңқыр пайда болған. Жарылыс кезінде тұсынан өтіп бара жатқан көлікте құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған. Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің екі әскери қызметі зардап шеккен.

Сондай-ақ, М. Иманқұловтың хабарлауынша, Спорт сарайында сағат 10.00 7-сәуір күнгі оқиғаға байланысты кезекті сот отырысы өтуге тиіс болатын.

Қазіргі уақытта Қырғызстанда барлық стратегиялық және ерекше маңызды нысандардың күзеттері күшейтілді. Ел басшылығы барлық күш-қуат ведомстволарының басшыларына осындай өкім берді.

Елдің Ішкі істер министрлігіне ерекше маңызды нысандардың күзетін күшейту, қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарларын жүзеге асыру міндеттеліп отыр.

Ош мэриясынан келіп түскен ақпар бойынша, "жағдайдың күрделенуіне байланысты және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лаңкестік әрекеттер мен басқа да қоғамға қарсы құбылыстарға жол бермеу мақсатында қаланың мәдени-ағарту мекемелерінде, оқу орындарында мәдени-бұқаралық шаралар өткізуге уақытша тыйым салынып отыр".

Мемлекеттік мекемелердің, министрліктер мен ведомстволардың басшыларына тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастыруға кеңес берілді. Қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш, пиротехникалық және аса уытты улы заттардың әкеліну жолдары қатаң бақылауға алынып отыр. Сондай-ақ әуежайлар мен автовокзалдарда тексеру жүргізу, шетелдік азаматтардың төлқұжат-визалық режімдерін тексеру шаралары күшейтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны