21.09.2006, 18:59 2853

Бішкекте ВИЧ/СПИД проблемасына арналған халықаралық парламенттік конференция өтеді

БІШКЕК. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бішкекте "Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдеріндегі ВИЧ/СПИД проблемасы : індеттің таралуына қарсы тұру шараларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету және аймақаралық ынтымақтастықтың басымдықтары" атты халықаралық парламенттік конференция 25-қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Бас қосуда Орталық Азияда СПИД індетінің таралуы, стратегиялық басымдықтар, міндеттер мен оларды шешу мүмкіндіктері, СПИД-пен күрес шараларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету саласындағы халықаралық тәжірибе мәселелері талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны