09.03.2010, 18:33 3369

Босния және Герцоговинаның сыртқы істер министрі Свен Алкалай Қазақстанға ресми сапармен келеді

Босния және Герцоговинаның сыртқы істер министрі Свен Алкалай Қазақстанға ресми сапармен келеді

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Босния және Герцоговинаның сыртқы істер министрі Свен Алкалайдың Қазақстанға ресми сапары 14 және 15 наурызға жоспарланған. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында мәртебелі қонақтың отандық сыртқы істер ведомствосы мен бірқатар басқа да мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Қазақстан мен Босния және Герцоговина арасында тұрақты саяси қатынастар орнаған. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі, дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иегерлеріне визасыз режім туралы, өзара инвестицияны қорғау, автокөлік тасымалы, туризм саласындағы келісімдер сынды бірқатар құжаттарға қол қоюды жоспарлауда. Аталмыш сапар екіжақты қатынастарды жандандырады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны