12.09.2012, 12:32 3748

Бүгін Алматыда Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер сауда министрлерінің төртінші кездесуі өтті

Құрлықтың қақ ортасында орналасқан мемлекеттер әлемнің кез-келген аймақтарының нарығын игеруге ниетті.

Алматы. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер сауда министрлерінің төртінші кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құрлықтың қақ ортасында орналасқан мемлекеттер әлемнің кез-келген аймақтарының нарығын игеруге ниетті.

Бүгін Алматыда Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер сауда министрлерінің төртінші кездесуі өтті. Іс-шараға 30 мемлекеттің министрлері, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік сауда ұйымы секілді беделді халықаралық ұйымдар мен ірі-ірі қаржы институттарының өкілдері қатысты. Теңіз жолдарынан шалғайда жатқан мемлекеттер бірінші кезекте транзитті елдермен қарым-қатынасын нығайтуы қажет. Стандарттау, рационалдау, тауар транзиті саласындағы құжаттамаларды жеңілдету де маңызды. Сауда-саттықты дамыту үшін транзит жүйесінің тиімділігін арттырып, шығындарды қысқарту, әкімшілік үдерістерді жылдамдату да өзекті.

Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ елдер Министрлерінің алғашқы кеңесі 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шақыртуымен Алматы қаласында өткен. Сол жылы -,,Алматы іс-қимыл бағдарламасы,, қабылданады. Осы уақыт аралығында Қазақстан тарапы көлік және логистикалық инфроқұрылымды дамытуда қомақты жұмыс атқарды деді Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев. Болашақта Қазақстан Еуроодақ пен Азия тынық мұхиты аймағы арасындағы алтын көпірге айналмақ. Министр Сағынтаев өз әріптестеріне Қазақстан геосаяси орналасуы, экономикалық әлеуеті және тарихи дәстүріне байланысты халықаралық интеграцияның белсенді жақтаушысы екенін жеткізді. Мамандардың айтуынша соңғы жылдары кемесі жоқ мемлекеттердің дүниежіүізілік сауда айналымындағы үлесі артып келеді.

"Экономикалар артып жатыр. Бірақ енді осы елдер осыдан да жоғары деңгейге жеткілері келеді. Сол себептен де өмірде болып жатқан өзгерістер, экономикада, әлемдік экономикада болып жатқан өзгерістер өзінің тиімділігін жеткізеді",- ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны