16.10.2012, 10:21 2927

Бүгін Бакуде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) мемлекет және үкімет басшыларының XII саммиті өтеді

Оның атап өтуінше, саммит барысында аймақтық экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту, көлік және коммуникациялар, ауыл шаруашылығы, энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы өзекті мәселелермен қатар, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер интеграциясын тереңдету, әлеуметтік-мәдени және ғылыми-техникалық дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланады.

Астана. 16-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Бакуде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) мемлекет және үкімет басшыларының XII саммиті өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, саммит барысында аймақтық экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту, көлік және коммуникациялар, ауыл шаруашылығы, энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы өзекті мәселелермен қатар, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер интеграциясын тереңдету, әлеуметтік-мәдени және ғылыми-техникалық дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланады.

Басқосу қорытындысы бойынша "Баку декларациясы" қабылданады деп күтілуде. Саммитке Изірбайжан, Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан мемлекет басшылары, Түркия Премьер-министрі мен Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның жоғары лауазым иелері қатысады.

Саммитке Қазақстан Республикасы атынан Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев бастаған делегация қатысады. Бүгін Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесі өз жұмысын бастады. Кеңеске Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Аманкелді Жұмабаев қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны