21.10.2009, 18:56 3058

Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мәселелеріне қатысты ұлттық заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер халықаралық тәжірибені ескере отырып қабылданған - Тоқаев

Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мәселелеріне қатысты ұлттық заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер халықаралық тәжірибені ескере отырып қабылданған - Тоқаев

Астана. 21 қазан. Kazakhstan Today - Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның, Канаданың, Финляндияның, Германияның, Ирландияның, Португалияның, Словенияның және Ресей Федерациясының ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастарын дамытудағы бұл сапардың маңыздылығын атап өте келіп Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның алдағы төрағалық етуі мәселелері бойынша Ұйымға қатысушы елдер өкілдерімен сындарлы пікір алмасуға ризашылығын білдірді.

Төраға "біздің еліміздің дамуындағы маңызды қиылысуға" әзірлік үдерісіндегі Сенаттың оң рөлін айқындай отырып, саяси жүйені ЕҚЫҰ стандарттарына сәйкес келетіндей етіп жақсарту үшін заң шығару қызметі зор мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

Демократиялық қоғам құрлысындағы ЕҚЫҰ-ның маңызды рөлін атап өте келіп, төраға оның жауапкершілігіндегі кеңістікте құндылықтарды ілгерілетуде ұйымның Парламенттік Ассамблеясының рөлін жоғары бағалады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мәселелеріне қатысты төраға ұлттық заңнамаға соңғы өзгерістер халықаралық тәжірибені ескере отырып қабылданғанын атап өтті.

"Сонымен бірге біз осы сала бойынша пікірсайысқа баса назар аударамыз, ондағы мәселелерді түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастыруға тура келеді",-деді Қ.Тоқаев.

Төрағаның айтуынша, шыдамдылық пен толеранттықты одан әрі дамитын болса халықаралық қоғамдастық төзбеушілікке, ксенофобияға және нәсілшілдікке қарсы тұра алады.

"Толеранттық президент Н.Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаттағы аса маңызды басымдықтарының бірі болып табылады",-деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге әзірлікті жоғары бағалады және біздің еліміздің осынау маңызды және құрметті миссияны табысты жүзеге асыратынына сенім білдірді.

Дипломаттардың пікірінше, Қазақстанның ұйымға төрағалық етуі оның беделін арттырады және біздің еліміздің халықаралық аренадағы рөлін биіктете түседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны