11.07.2012, 16:58 2801

БҰҰ Жоғарғы комиссары Қазақстандағы сапарын Сыртқы істер министрімен кездесуден бастады

Бүгін Алматыда БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссары Наванетхем Пиллэйдің Қазақстандағы жұмыс сапары Сыртқы істер министрі Ерлан Қазыхановпен кездесуден басталды.

Астана. 11-шілде. Kazakhstan Today - БҰҰ Жоғарғы комиссары Қазақстандағы сапарын Сыртқы істер министрімен кездесуден бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Алматыда БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссары Наванетхем Пиллэйдің Қазақстандағы жұмыс сапары Сыртқы істер министрі Ерлан Қазыхановпен кездесуден басталды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінде өткен бұл шара жабық есік жағдайында өтті. Онда Қазақстанның адам құқы саласындағы міндеттемлерінің орындалуы, Қазақстанның БҰҰ-ның адам құқығы жөніндігі жоғарғы комисариаты басқармаасының аймақтық кеңсесімен ынтымақтастық, Адам құқығы бойынша ұлттық әрекет жоспары, Азаптауға қарсы ұлттық первентивтік тетіктерін енгізу шаралары және тағы басқа мәселелер талқыланды.Сондай-ақ БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесі құрамындағы 2013-2015 жылдары Қазақстанның кандидатурасы сөз болды.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары енді өз сапарын Астанада жалғастырмақ. Онда бүгін Конституциялық кеңес төрағасы мен Ішкі істер министрімен кездесетін болады. Ал ертең мұндай шаралар Бас прокурорымен, Адам құқығы жөніндегі уәкілетті өкілмен, Иділет министрі мен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевпен өткізілмек. Содан кейін Н.Пиллэй Қазақстандағы сапарының қорытындысы туралы арнайы баспасөз мәслихатын өткізеді деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны