24.11.2006, 17:29 2935

Дариға Назарбаева "Отанның" партиялық құрылымы жетілдірілмеген деп санайды

АЛМАТЫ. 24-қараша. Kazakhstan Today. Республикалық "Отан" саяси партиясы төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева осынау саяси бірлестіктің құрылымы жетілдірілмеген деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі. "Отанның" құрылымы негізінен ел президентінің партияға көрсететін қолдауына арқа сүйей құрылғандығын бүкпесіз мойындау керек... Бұл жетекшінің авторитарлығын емес, партиялық құрылымның жетілдірілмегендігін паш етеді",- деді Д.Назарбаева "Караван" апталығына берген сұхбатында.

АЛМАТЫ. 24-қараша. Kazakhstan Today. Республикалық "Отан" саяси партиясы төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева осынау саяси бірлестіктің құрылымы жетілдірілмеген деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Отанның" құрылымы негізінен ел президентінің партияға көрсететін қолдауына арқа сүйей құрылғандығын бүкпесіз мойындау керек... Бұл жетекшінің авторитарлығын емес, партиялық құрылымның жетілдірілмегендігін паш етеді",- деді Д.Назарбаева "Караван" апталығына берген сұхбатында.

"Икімшілік қолдау қоғамдағы жетекшілік рольге ұмтылып отырған партия үшін пайда емес, үлкен тауқымет болып табылады. Жеңілдіктер мен артықшылықтар партияны босаңсытып жібереді, оның отандастардың мұң-мұқтажын сезіну деңгейін төмендетеді",- деп пайымдайды Д.Назарбаева.

Партия жетекшісінің пікірінше, билік партиясы нақты саяси институтқа айналуға тиіс. Алайда, әкімдер мен мәслихат депутаттарының сайланбалылығын бекітетін жүйе іс жүзінде "бәрін жергілікті әкімдердің уысына беріп қою" екенін дәлелдеді. "Партияның орталық және жергілікті басқарушы органдары кандидаттардың атын ұсынуға мүлдем дерлік атсалысқан жоқ", деді Д.Назарбаева. "Бұл ретте адамдарды бұрынғыдай мемлекеттік мекемелерге жұмысқа алу үшін іріктеуде бұрынғыдай әкімге, президент әкімшілігінің немесе үкіметтің қызметкеріне шынайы берілгендік басты критерий болып саналады. Партияға берілгендік мүлдем ескерілмейді. Бұл жайтты түбірімен өзгерту керек. Біздің партия нақты саяси институтқа айналуға тиіс",- деді Д.Назарбаева.

Ол үшін, Д.Назарбаеваның пікірінше, "партияішілік құрылымды өзгертіп, шешім қабылдау тетіктерін, партия активімен және оны жақтауышлармен жұмыс әдістерін өзгерту, партияның жастар қанатынның белсенділігін арттыру қажет".

Тұтастай алғанда, Д.Назарбаеваның пайымдауынша, егер сайлау жүйесі реформаланып, еліміздің заң шығару органы күшейтілген жағдайда, үкіметті реформалау тәртібі өзгертілгенде партиялар мемлекеттік саясаттың ықпалды құралына айнала алады. "Саяси жүйені реформалау саяси бәсекелестікті қамшылап, сайлауда жеңген партия жұмысының ашықтығын арттырып, бірінші кезекте бәсекелестері тарапынан қатаң бақыланатындай мүмкіндік туғызады. Ал бұл сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетіп, шенеунктерді тәртіпке келтіреді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны