11.11.2009, 17:59 2971

Дүниежүзілік қоғамдастық Қазақстанның қауіп-қатерлерге қарсы тұру тәжірибесін зерттеуге тиіс - Словения президенті

Дүниежүзілік қоғамдастық Қазақстанның қауіп-қатерлерге қарсы тұру тәжірибесін зерттеуге тиіс - Словения президенті

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік қоғамдастық Қазақстанның қауіп-қатерлерге қарсы тұру тәжірибесін зерттеуге тиіс. Бұл туралы бүгін Словения президенті Данило Тюрк Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздерден кейін Ақордада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз Қазақстанның түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласында жинақтаған тәжірибесін және оның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қоса алатын ғаламдық үлесін зерттеуге тиіспіз", - деді Д. Тюрк.

"Қазақстан дүниежүзінің стратегиялық маңызды бөлігінде орын тепкен, мәселен, Ауғанстандағы дағдарысты ахуалды және басқа да бірқатар қатерлерді түсіне алады", - деді Словения президенті.

Оның айтуынша, "дүниежүзілік қоғамдастық бұл тәжірибеге мейлінше сезімталдықпен қарап, осы тәжірибені халықаралық күн тәртібіне енгізу тәсілдерін табуға тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны