05.04.2007, 15:55 3725

Душанбеде ТМД елдерінің гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің 18-ші сессиясы өтеді

ДУШАНБЕ. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Душанбеде ТМД елдерінің гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің 18-ші сессиясы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мемлекетаралық кеңестің 18-ші сессиясының басты тақырыбы - ТМД-ға қатысушы елдердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігі жөніндегі тұжырымдаманы жүзеге асыру болып табылады.

Екі күндік сессия барысында гидрометеорологиялық іс-қызмет саласында 2006-2010-жылдар аралығында ынтымақтастықты дамытуға, ТМД аясында мемлекетаралық гидрометеорологиялық желі жөніндегі келісімді жүзеге асыруға, метеорологиялық және басқа да геофизикалық процесстерге белсенді әсер ету саласындағы ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер қаралады.

Сессияға Изербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Өзбекстан мен Украинаның гидрометеорологиялық қызметтерінің өкілдері қатысуда. Қатысушылар ТМД елдерінің жер үсті бақылау желілерін дамыту, мәліметтер базасын құрып жетілдіру, өзара ақпарат алмасу және телебайланысты дамыту жайын талқыламақшы.

ТМД елдерінің гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңесі гидрометеорология саласындағы ықпалдастық жөніндегі келісімге сәйкес құрылған. Келісімді үкімет басшыларының кеңесі қабылдаған. Бұл ТМД аясындағы салалық ынтымақтастық жөніндегі алғашқы үкіметаралық құжаттардың бірі. Оған 1992-жылдың 8-ақпанында қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны