01.10.2007, 15:55 2937

Душанбеде ТМД мемлекеттерінің үкіметтері жер сілкінісін хабарлаушыларды зерделеу жөніндегі бірлескен мониторинг жүргізу туралы келісімге қол қойды

Душанбеде ТМД мемлекеттерінің үкіметтері жер сілкінісін хабарлаушыларды зерделеу жөніндегі бірлескен мониторинг жүргізу туралы келісімге қол қойды

Душанбе. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Душанбе қаласында екі күнге созылған Қазба байлықтарды барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі ТМД елдерінің үкіметаралық кеңесінің 11-ші сессия жұмысының қорытындысы бойынша ТМД елдерінің үкіметтері арасында "Жер сілкінісін хабарлаушыларды жер сілкінісін қысқа-орта-ұзақ мерзімдерде болжау әдісі ретінде зерделеу жөніндегі бірлескен гидрогеодинамикалық мониторинг өткізу туралы" келісімге қол қойылды. Бұл жөнінде кездесу барысында ТМД үкіметаралық кеңесінің төрағасы болып сайланған Тәжікстан үкіметі жанындағы Бас геология басқармасының бастығы Азим Иброхим мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Азим Иброхимнің айтуынша, сессияда, сондай-ақ, ТМД елдерінің жер асты байлығын зерттеуде, минералдық шикізаттық базасын нығайтуда және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуда ерекше үлес қосқандығы үшін берілетін Халықаралық геологиялық жүлде тағайындау жөнінде шешім қабылданған.

ТМД елдерінің үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы 2008 жылдың аяғында Украинада өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны