02.04.2007, 16:52 2932

Душанбеде ТМД парламентаралық ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді

ДУШАНБЕ. 2- сәуір. Kazakhstan Today. Душанбеде 3-сәуірде ТМД парламентаралық ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республиканың Маджлиси намояндагон Маджлиси оли (парламенттің төменгі палатасы) баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін Тәжікстанға ТМД парламентаралық ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының делегациясы бес күндік жұмыс сапарымен келеді.

Комиссия мүшелерінің осы сапар аясында парламенттің төменгі палатасының спикері Сайдулло Хайруллоевпен және де палатаның экономика, бюджет, қаржы және салық жөніндегі комитетінің мүшелерінің тобымен кездесу жоспарланған. Делегация мүшелері сондай-ақ, Тәжікстанның Ұлттық банкінің іс-қызметімен танысып, елдің тарихи-өлкетану мұражайына барады. Сонымен қатар, олар Турсунзад қаласына барып, Тәжікстан алюминий зауытының жұмысымен танысады, деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны