29.03.2012, 13:41 15555

Екі Судан мемлекеті арасындағы жағдай асқынуда

Соңғы күндері екі Судан мемлекеті арасындағы жағдай асқынып, шекарада әскери қақтығыстар жүріп жатыр. Суданның әскери ұшақтары Оңтүстік Суданның мұнай кеніштерін бомбалады.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Екі Судан мемлекеті арасындағы жағдай асқынуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Соңғы күндері екі Судан мемлекеті арасындағы жағдай асқынып, шекарада әскери қақтығыстар жүріп жатыр. Суданның әскери ұшақтары Оңтүстік Суданның мұнай кеніштерін бомбалады.

Екі жақ та жағдайдың ушығуына бір-бірін кінәлап отыр. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі екі елдің басшылығын сабырлыққа шақырып, мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырды. Судан жиырма жылдан аса созылған азамат соғысынан кейін, былтыр солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінген. Суданның солтүстігіндегі жұрт араб тілді мұсылмандар болса, оңтүстік аймақтарында христиан және діні мен тілі бөлек қара нәсілді тайпалар тұрады. Оңтүстік Судан тәуелсіздік алғанына қарамастан, шекарасын белгілемей, мұнай кеніштерін бөле алмаған. Сол себептен екі ел арасындағы қатынастар ушығуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны