30.06.2008, 10:15 3082

ЕҚЫҰ ПА Грузияның аумақтық тұтастығының сақталуын қолдайды

ЕҚЫҰ ПА Грузияның аумақтық тұтастығының сақталуын қолдайды

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясы Грузия-Абхазия қақтығысын шешу кезінде Грузияның аумақтық тұтастығының сақталуын қолдайды. Сенбі күні болған баспасөз мәслихатында ЕҚЫҰ ПА төрағасы Йоран Леннмаркер осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"ЕҚЫҰ мүшелерінің барлығының ұстанымы біреу - біз Грузияның аумақтық тұтастығын сақтауымыз керек. Ешкім де аумақтық тұтастыққа қол сұқпауы керек", - деп мәлімдеді Й. Леннмаркер.

Ол БҰҰ Абхазия жөніндегі шешім қабылдауға, ал ЕҚЫҰ соның қалай жүзеге асатына жауап беретінін еске салды. "Біз келісімді, осы қақтығыстың шешімін тапқымыз келеді", - деп атап өтті ЕҚЫҰ ПА төрағасы.

"Алайда, ең бастысы - Грузия мен ЕҚЫҰ басқа да мүшелерінің аумақтық тұтастығын сақтау болып табылады", - деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны