30.11.2006, 14:21 6040

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау жөніндегі сұранымын қолдайды

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау жөніндегі сұранымын қолдайды

ВЕНА. 30-қараша. Kazakhstan Today. ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау жөніндегі сұранымын қолдайды. Бұл туралы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Гёран Леннмаркер 14-қарашада ұйымның Венадағы бас пәтерінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төраға болуы Орталық Азияны ұйымның іс-қызметіне тартуға, әсіресе, шиеленістерді реттеу, адам құқықтары, адам саудасы мен есірткі тасымалына қарсы күрес салаларындағы жұмыстарға тартуға септігін тигізеді",- деді Г.Леннмаркер.

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы құрамына ұйымға мүше 56 елден үш жүзден астам парламентшілер енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны