21.04.2010, 11:28 1479

Елбасы екі күндік мемлекеттік сапармен Оңтүстік Корея Республикасына аттанып кетті

Елбасы екі күндік мемлекеттік сапармен Оңтүстік Корея Республикасына аттанып кетті

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік мемлекеттік сапармен Оңтүстік Корея Республикасына аттанып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Сапар бағдарламасына сәйкес Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Республикасының президенті Ли Мен Бак бүгін Сеул қаласында Қазақстанның Кореядағы жылының ашылу салтанатына қатысады. Содан кейін Қазақстан өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.

Ал сәуірдің 22-сі күні мемлекет басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Сондай-ақ осы күні Қазақстан президентінің Корей университетінің басшыларымен, сондай-ақ Кореяның бірқатар жетекші компанияларының жетекшілерімен кездесулері жоспарланып отыр.

Елбасымен еріп жүрген ресми делегацияның құрамында мемлекеттік хатшы- сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, премьер-министрдің орынбасары-индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев, ҚР президентінің халықаралық мәселелер бойынша көмекшісі Қайрат Сарыбай, ҚР президентінің экономикалық мәселелер бойынша көмекшісі Бақыт Сұлтанов, Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммет, Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов, "Самұрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевтар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны