06.06.2012, 13:09 2658

Елбасы мен CNPC басшысы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын анықтады

Кездесуде Қазақстан мен "CNPC" компаниясының түрлі салалардағы өзара ынтымақтастық мәселесі қаралды.

Пекин. 6-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға ресми сапары аясында "CNPC" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Цзянь Цземиньмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесуде Қазақстан мен "CNPC" компаниясының түрлі салалардағы өзара ынтымақтастық мәселесі қаралды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Цзянь Цземинь қарым-қатыныстарды дамыту қажеттігін атап өтіп, бірлескен жұмыстың одан арғы негізгі бағыттарын анықтады.

"CNPC" (China National Petroleum Corporation) әлемде көшбасшы орында келе жатқан кешенді халықаралық энергетикалық компания болып табылады. "CNPC" компаниясы әлемнің 129 елінде мұнайгаз инвестициялық операциясын жүргізеді.

Қазақстанда "CNPC" компаниясы 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта корпорация мұнайгаз инвестициясы және мұнайгаз кен орындарында инженерлік-техникалық қызмет көрсету тәрізді операцияларды жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны