04.04.2011, 17:25 4722

Елеусізов экологиялық партия құрып, 2012 жылы парламент сайлауына қатыспақ

Елеусізов экологиялық партия құрып, 2012 жылы парламент сайлауына қатыспақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 4 - сәуір. Kazakhstan Today - Елеусізов экологиялық партия құрып, 2012 жылы парламент сайлауына қатыспақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР президенттігіне үміткер - "Табиғат" экологиялық одағының жетекшiсi парламент сайлауына қатысуға ниетті. Бұл туралы ол Ұлттық баспасөз клубындағы баспасөз мәслихатында хабарлаған.

"Мен парламент сайлауына қатысамын. Экология мәселесiн жоғары деңгейге көтердім. Оны барлығы мойындайды. Маған дейін мұны ешкім айтқан емес", - деді М.Елеусізов.

Сонымен қатар, ол экологиялық партия құруға ниет білдіруде.

"Мен бұдан бұрын бұл шаруамен айналысқан емеспін (партия құрумен - агенттiк түсiнiктемесi), өйткенi халықта қызығушылық және ниет болмады. Дегенмен сайлау кезінде маған дауыс берген сайлаушылар - менің жақтастарым екенін түсіндім. Ал бұл партия құру үшін жеткілікті", - деп толықтырды М.Елеусізов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны