11.06.2012, 16:43 2577

Елімізде Қазақстан мен Чехияның экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді

"Аталмыш отырыста Қазақстан тарапын Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев басқарады, ал Чехия жағына Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Милан Говорка төрағалық етеді", - деді ресми өкіл.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - 11-15 маусым аралығында Алматы және Өскемен қалаларында Қазақстан-Чехия экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"Аталмыш отырыста Қазақстан тарапын Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев басқарады, ал Чехия жағына Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Милан Говорка төрағалық етеді", - деді ресми өкіл.

Жиын барысында тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және нығайту бағыттарын талқылайды.

2011 жылы Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 211,7 млн. АҚШ долларын құрады. 2012 жылдың қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы 70,7 млн. АҚШ долларына жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны